Ерханмен өткен бір RTT сеансы мен үшін шын мәнінде трансформацияға толы болды. Сеансқа артық салмақ мәселесімен келдім. Шынымды айтсам, сеанстан күткенімнен де көп нәрсені алдым, мен мәселенің түпкі себебінің өткенде жатқанын түсіндім. Сеанс болғанына бір айдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде ешқандай арнайы диета ұстамай-ақ 6 кг-нан аса салмақ тастап үлгердім. Баяу бірақ тұрақты арықтаудамын. RTT сеансынан соң бірнеше ретроспективті талдау жасай отырып, бұл артық салмақ мәселесі түпкі себебінің бір салдары ғана екенін түсіндім. Яғни, басқа да салдары бар екенін біле алдым (мысалы прокрастинация). RTT сеансы маған өз денемді бақылап, басқара алатынымды көрсетті және өзіме сенімділік сезімін тудырды. Енді мен өзімді жігерлі, өнімдірек және бақыттырақ сезінемін. Мен гипнозға кіру дегенді толығымен ұйықтап қалу емес екендігін айтқым келеді, керісінше көптеген оқиғаларды есте сақтайтын түпсанаға қолжеткізетін процесс. Мен өзім өткенде болған кейбір оқиғалар мен сәттерді егжей-тегжейлі еске түсіре алғаныма таң қалдым. Сеанс барысында есіңізге түскен сәттерді бөлісіп бөліспеу өз таңдауыңызда, өзіңізді басқару өз қолыңызда екендігін де айтқым келеді. Мен Ерхан Міндетбайды жылдам трансформациялық терапия маманы ретінде сіздерге кеңес беремін.
Ерхан сыпайы, ал өз ісінде тіке. Ол сеанста келген мәселемнің нақты себептерін түсінуге жеткілікті уақыт жұмсады. RTT сеансы барысында мен бұл мәселенің неден туындағанын түсіндім. Өзіме және өміріме әсер ететін осы кедергілермен қалай күресуге болатындығын үйрендім. Сеансты аяқтап, осындай нақты түсінікке ие болғаннан кейін мен өзімді жағымды сезіндім және бұдан былай маған жағымсыз әсер ете алмайтынтай сенімділікке ие болдым. Сеанстан соң дайындаған арнайы аудио жазба сессияның жағымды әсерін күшейтіп, содан бері өмірім бақытты әрі жағымды түрде өтуде..
Менде дисморфия және мазасыздық болды. Жалпы, мен Ерхан Миндетбаймен екі ай ішінде екі бөлек RTT сеансын өткіздім. Екі сеанс та маған өте пайдалы болды. Сеанстан кейін менің істегенім тек берілген аудио жазбаларды күнделікті тыңдау ғана болатын, нәтижеде оң өзгерістерді көре бастадым, қиындықтар жеңілдей бастады, мен осы мәселелерден құтылдым. Міндетбай Ерханның маған жасаған RTT сеансы бір психологтың немесе дәрі-дәрмектердің көмегінен әлде қайда пайдалы болғаны үшін өте ризамын! RTT сеансын алғыңыз келсе Міндетбай Ерханға жазылуға кеңес беремін.
Мен өзімнің проблемаларым туралы бір еркекпен сөйлесуден тартыншақ болсам да, Ерхан Міндетбайдың маман ретінде сезімтал көзқарасы мен жетілген түсінігі мені таңғалдырды және оның өткізген сеансынан қатты әсерлендім. Міндетбай мырза ақпаратты жеңіл түрде ала алатын кәсіби және білікті маман. Оның гипнотерапия сеансы өте ауқымды өтті. Мен өзімді сенімді, жағымды әрі қуатты сезіне алдым. Бүл сарапшы маманның қызметін тағы да қуана қабылдап, оны басқаларға да ұсынамын.
Мен дәрігермін, жасым 58-де. Менде шамамен 30 жыл бойы гипотиреоз, бедеулік, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, анемия, бас айналу, апатия және өмірімнің сапасын төмендететін көптеген басқа да аурулар болды. Бұл дегеніміз дәрі-дәрмекті үздіксіз қабылдау деген сөз. Соңыңда дәрі-дәрмексіз емдей алатын маманды тапқаныма өте қуаныштымын. Ерханмен екі рет RTT сеансын өткіздім. Сеанс барысында біз балалық шағымнан бастау алған мәселелердің түпкі себептерін таба алдық. Ерхан сол негативті программаларды алып тастады, содан кейін оларды жағымды программалармен алмастырды. Сонымен қатар, мен осы ауруларды емдеу үшін арнайы дайындалған аудио жазбаны 21 күн бойы тыңдадым. Сеанстар шынымен трансформациялайтындай өтті және маған қатты әсер етті. Қазір менде жоғарыда аталған белгілердің ешқайсысы жоқ, өзімді бақытты сезінемін. Сонымен қатар, оң жақ гипохондриядағы ауырсыну да қойды. Міндетбай Ерхан - терең білімді және жоғары кәсіпқой маман. Мен оған өте ризамын және оны бәріне ұсынамын.
Менің қызым қараңғылықтан және қараңғыда жалғыз қалудан қатты қорқушы еді. Ол 13 жаста, осы фобия біз үшін соңғы 5-6 жыл бойы үлкен проблема болатын. Себебі тіпті бір бөлмеден екінші бөлмеге бару үшін дәліздің жарығы жанбаса, ол я айқайлап, я тез жүгіріп өтіп кетуге тырысатын. Ол алдымен жарықты жағып алып немесе інісімен бірге баратын. Ұйықтайтын уақыт келгенде, бөлме жарығы жанып тұруы керек болатын. Мен оны ұйықтағаннан кейін өшіретін едім, бірақ қызым түнде оянған жағдайда, ол міндетті түрде жарықты таңға дейін жағып қоятын еді. Оған қоса, тіпті күндізгі кез болса да кеш батып қараңғы түсетінін айтып, үйде жалғыз қалғысы келмейтін еді. Біздің өміріміз Ерхан Міндетбайдың RTT сеансына дейін осылай жалғасты. RTT сеансы өткен соң, мен қызыма күн сайын кешке ұйықтар алдында арнайы дайындалған аудиожазбаны тыңдатып жүрдім. Алғашқы кезде онша әсер етпегендей көрінді. Содан кейін мен оны үйде өзім тексеріп көргім келді. Бір күні қызым жуынатын бөлмеге кіргенде (жуынатын бөлмеде күн көзі тіке түспейді, жарық жоқ, терезе жоқ тек жарық жануы керек, әйтпесе ол тым қараңғы, жарық қосқышы да ваннаның сыртында орналасқан) жарықты сыртынан өшіріп, есікті арт жағынан ұстап тұрдым. Әдетте, мен есікті ұрып-соғып, айқай салатын қызымнан ешқандай дыбыс шықпағанына қатты таң қалдым. Тағы біраз күткен соң, қызым: "Әке, мен бұрынғыдай қараңғылықтан қорықпаймын, ештеңе күтпеңіз!" деп айтты. Мен таң қалдым. Біз қазір қараңғылықтан қорқпаймыз. Мен түн ортасында дәретханаға барғысы келетін қызымның дауысынан оянбаймын. Ол ас үйге барып, түнде су ішу үшін інісін ұйқысынан оятпайды. Енді біздің үйде түнгі кезде анда-мұнда жүгіретін ешкім жоқ. Осы мәселеде көрсеткен көмегі үшін Ерхан мырзаға жанұямыздың атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.
Мен біраз уақыттан бері мазалап жүрген кейбір мәселелерді шешуге көмектесу үшін Ерханнан RTT сеансын алдым. Сеанс өте жағымды өтті. Мен Ерханды интуитивті, ауруды тез түсінетін және мәселенің түбіріне жете алатын маман деп таптым. Оның дауысы тыныштандыратын қасиетке ие. Сеанстан соң өзімді өте айқын және позитивті күйде өткенімнің бәрін артта қалдыруға бел будым. Егер сізді мазалайтын шешілмеген мәселелер болса, Ерханның көмегіне жүгініп, өміріңіздің жағымсыз жақтарын жоюға және күш пен позитивпен алға жылжуға кеңес беремін.